Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Ауыл шаруашылығы министрлігі киіктердің қырылу себебін анықтау үшін экспедиция өткізгелі жатыр

01 Маусым 2015, 12:33
0
© commons.wikimedia.org
© commons.wikimedia.org

Киіктердің жаппай қырылу себебін анықтау үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі экспедиция өткізгелі жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әртүрлі нұсқа қаралып жатыр, олардың арасында жайылымдағы су мен шөптен, яғни жер арқылы улану да бар, тек жайылымда емес киіктер популяциясы көшкен жолдың барлығында. Сондықтан біз қазір көшу картасы бойынша экспедиция ұйымдастыру мәселесін қозғап отырмыз. Киіктердің бірқатары чиптелген, сондықтан оларды бақылау оңай, олар Қазақстанның оңтүстігінен қалай өтті, әсіресе Қызылорда облысының аумағынан өзге облыстарға және бұл нұсқаны алып тастау үшін сол жолдар бойынша судың, топырақтың, шөптің сынамалары алынып, зерттеу жүргізілуі тиіс", - деді Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков ОКҚ брифингі барысында.

Еске сала кетейік, биыл Қазақстанда киіктер жаппай қырылды. Өлі киіктердің саны 112 мыңнан асты. Жануарлардың қырылу себебі пастереллез ауруы екені айтылды. Дегенмен ресейлік мамандар бұл диагнозды дәйексіз деп отыр.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай