15 мамыр 2019 18:18

Ауызашар кезінде жарылыс салдарынан күйіп қалған екі адам көз жұмды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сайрам ауданында ауызашар кезінде газ балоны жарылысы салдарынан күйіп қалған бес жасар бала мен 1958 жылы туған ер адам ауруханада көз жұмды, - деп хабарлайды "Отырар"


Сайрам ауданында ауызашар кезінде газ балоны жарылысы салдарынан күйіп қалған бес жасар бала мен 1958 жылы туған ер адам ауруханада көз жұмды, - деп хабарлайды "Отырар"

"Екеуі де ауыр халде болған. Денелерінің 98 пайызын күйік шалған", - дейді дәрігерлер. Қалған алты адам бүгін облыстық күйікті емдеу орталығына ауыстырылды.

Еске сала кетейік, 9 мамырда Сайрам ауданында ауызашар кезінде газ балоны жарылған. Мамандардың алдын ала болжамы бойынша дәмханадағы 50 литрлік газ балоны жарылған. Қазір оқиғаның себеп салдарын мамандар анықтап жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети