11 мамыр 2017 13:07

Автобус пен Gelandewagen соғысқан жол апатынан зардап шеккендердің саны артты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда № 63 бағытында жүретін автобус пен Mercedes-Benz G-класс жол талғамайтын көлігінің соғысқан жантүршігерлік жол апатынан зардап шеккен 17 адам дәрігерлер көмегіне жүгінді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


Алматыда № 63 бағытында жүретін автобус пен Mercedes-Benz G-класс жол талғамайтын көлігінің соғысқан жантүршігерлік жол апатынан зардап шеккен 17 адам дәрігерлер көмегіне жүгінді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

"Yutong маркалы автобус пен Mercedes-Benz G-класс жол талғамайтын көлігі Райымбек даңғылымен шығыс бағытта келе жатқан. Тілендиев көшесіне жақын маңда көліктер соғысқан. Олардың қайсысы қандай маневр жасағаны сотқа дейінгі тергеу шаралары барысында анықталатын болады. Куәгерлердің айтуынша, жол-көлік оқиғасына жол талғамайтын көліктің жүргізушісі кінәлі. Медициналық көмекке 17 адам жүгінген. Оқиға орнында дәрігерлер жұмыс істеп жатыр, олар зардап шеккендерді ауруханаға жатқызу-жатқызбауды анықтайды", - деді Алматы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 

Жол апаты дерегіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") бойынша жүргізіліп жатыр.  

Жол-көлік оқиғасы туралы "Greem Bus Company" ЖШС (№ 63 бағытында жүретін автобус) өкілдері айтып берді. 

"Гелендваген" екінші жолақтан автобусты басып озып, оңға бұрылып кетпекші болған, осылайша Потемкин көшесіне шығуды ойлаған. Mercedes-Benz G-класс жүргізушісі автобусты есепке алмай, жол апатына тап болды. Автобус бағанға соғысқан", - деп хабарлады "Green Bus Company" ЖШС директоры Бауыржан Құлышев.

"Біздің жүргізушіміз оқиға орнында. Ол есеңгіреп қалған. Беті жараланды. Ауыр жарақат алғандар туралы әзірше мәлімет жоқ. Біздің өкілдер барлық зардап шеккен адамның жағдайын білу үшін ауруханаға кетті. Мұнда бір баланың зардап шеккені туралы айтылып жатыр, бірақ бізде мәлімет жоқ", - деді Бауыржан Құлышев. 

Бауыржан Құлышевтіңтың айтуынша, зардап шеккендерге сақтандыру компаниясы өтемақы төлейді. 

Еске салайық, бүгін жол-көлік оқиғасы Райымбек даңғылының бойында Тілендиев көшесімен қиылысқан тұста болды. Көптеген куәгерлердің айтуынша, № 63 бағытында жүретін қоғамдық көліктің жүргізушісі шығыс бағытта автобустарға арналған арнайы жолақпен келе жатқан. Осы бағытта келе жатқан Mercedes-Benz G-класс Тілендиев көшесіне жетпей Потемкин көшесіне өту үшін дереу бұрылған. Соғысу салдарынан Mercedes-Benz G-класс 20 метрге ұшып кеткен, ал жолаушылар автобусы бағанға соғысқан. Алдын ала мәліметтер бойынша, жол апатының салдарынан 15 адам зардап шеккен, оның ішінде автобустың да, жеңіл көліктің де жүргізушісі бар. Барлығы ауруханаға жеткізілген.


© Instagram/kris_p_almaty

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети