09 наурыз 2021 13:07

Жүргізуші автобусқа жол бермеймін деп қаза тапты. Алматы облысында жантүршігерлік апат болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: instagram.com/kris_p_talgar Фото: instagram.com/kris_p_talgar

Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болды. Оқиғаның видеосы Желіде жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болды. Оқиғаның видеосы Желіде жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Апаттың кадрлары Instagram-дағы kris_p_talgar парақшасында пайда болды. Фото мен видеодан автобустың жеңіл көліктің алдынан түгін қалдырмағанын көруге болады. Жол-көлік оқиғасы Алматы облысындағы Талғар - Ақбұлақ жолында болды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от KRIS_P_TALGAR (@kris_p_talgar) 

"1980 жылы туған ер адам қайтыс болды. Басқа зардап шеккендер жоқ. Автокөліктерде жолаушылар болмаған", - делінген хабарламада.

Оқиғаға Алматы облыстық полиция департаменті өкілі пікір білдірді. Ведомстводағылар апат 9 наурызда сағат шамамен 8.00-де болғанын айтты.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, Mitsubishi Galant автокөлігінің жүргізушісі ПАЗ-3206 жүргізушісіне жол бермеген. Салдарынан екеуі соқтығысты. Оқиға болған жерде Mitsubishi Galant көлігінің 41 жастағы жүргізушісі алған жарақаттарынан қайтыс болды, басқа құрбандар мен зардап шеккендер жоқ", - деп атап өтті полиция департаменті өкілі.

Қазақстан Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети