21 тамыз 2015 12:07

Әйелінің жағын сындырған ер адам аурухана алдында асылып қалмақшы болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Екібастұз қаласының тұрғыны әйелінің жағын ұрып сындырып, кешірім ала алмағаннан кейін аурухана ауласында асылып қалмақшы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Екібастұз қалалық аурухананың травматология бөлімінің жетекшісі Ерболат Жұматаевқа сілтеме жасап.


Екібастұз қаласының тұрғыны әйелінің жағын ұрып сындырып, кешірім ала алмағаннан кейін аурухана ауласында асылып қалмақшы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Екібастұз қалалық аурухананың травматология бөлімінің жетекшісі Ерболат Жұматаевқа сілтеме жасап.

Дәрігерлердің айтуынша, 40 жастағы ер адам ағашқа шығып алып, мойнына жіп байлаған. Кейін ол төменге қарай секіріп кеткен. "Біздің жұмысшылар ағашта асылып тұрған ер адамды терезеден көріп қалды. Оның жанына адамдар үймелепті, алайда ешқайсысы шара қолданбай, қарап тұрыпты, кейбірі тіпті видеоға да түсірген. Ал біздің жұмысшымыз Антон Шабловский саспады. Ол ауруханадан жүгіріп шығып, ағашқа мінеді де, ер адам асылып тұрған жіпті қайшымен үзіп тастады", - деді Жұматаев.

Оның айтуынша, дәрігер оны дер кезінде құтқарды. "Тағы 30-40 секунд өткенде оны аман алып қалу мүмкін болмас еді. Ер адам өліп кетер еді. Қазір оның жағдайы жақсы", - деді Жұматаев. Кейін ер адамның ауруханаға өз әйелі үшін келгені анықталды. Әйелі оның алдында жағы сынып, дәрігерлердің көмегіне жүгінген екен. Оның жағын күйеуі ұрып сындырыпты. "Сол күні ол әйелінің жатқан палатасына келген, олар ұрысып қалған. Ол әйелінен кешірім сұрап, әйелі оны кешірмегеннен кейін асылып қалуды ұйғарған сыңайлы", - дейді дәрігерлер. 

Өзіне қол салмақшы болған ер адамды 22 жастағы Антон Шабловский есімді дәрігер құтқарды. Оның жасаған ерлігін ауруханадағылар ғана емес, өңірлік ТЖД өкілдері де біледі екен. "Жұмысшымыз нағыз ерлік жасады деп ойлаймыз және ол сыйға лайық", - деді Жұматев.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети