31 мамыр 2019 16:05

Бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен. Алматыда жол апаты салдарынан үш адам зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©  "Территория происшествий" бағдарламасы © "Территория происшествий" бағдарламасы

Алматыда жол апаты салдарынан үш адам зардап шекті, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.


Алматыда жол апаты салдарынан үш адам зардап шекті, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы Масанчи және Құрманғазы көшелерінің қиылысында болған. Куәгерлердің айтуынша, Toyota Estima Масанчимен солтүстік бағытта кетіп бара жатқан. Көшелердің қиылысқан тұсында жүргізуші белгісіз себептермен бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен. Осы кезде Құрманғазы көшесімен шығыс бағытта Hundai автокөлігі келе жатқан. Дереу тоқтап үлгермеген жүргізуші бағдаршамның рұқсат етілмеген түсіне өтіп кеткен көліктің бүйірінен соққан. Соққы салдарынан "Тойотоа" бір жәнен аударылып қалған. Куәгерлер көлікті төрт дөңгелегімен қоюға көмектескен. Осы жол апаты салдарынан үш адам (Toyota жүргізушісі және екі жолаушысы) зардап шекті. Олар әр түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Қалалық полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети