04 шілде 2014 18:50

Бақтияр Артаев: Менің ол қызға саусағымның ұшы да тиген жоқ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото) Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Бокстан Олимпиада ойындарының чемпионы Бақтияр Артаевтың басы дауға қалып отыр. Бұған дейін жазғанымыздай боксшыны Айсұлу Ыбрашева есімді қыз айыптап отыр, деп жазады «Алаш айнасы» газеті.


Бокстан Олимпиада ойындарының чемпионы Бақтияр Артаевтың басы дауға қалып отыр. Бұған дейін жазғанымыздай боксшыны Айсұлу Ыбрашева есімді қыз айыптап отыр, деп жазады «Алаш айнасы» газеті.

Әңгімені әріден бастайық. «Алаш айнасы» газетінде кеше жариялағанымыздай бұл оқиға 29 маусым күні болған. Астана қаласының Ішкі істер департаментіне Айсұлу Ыбрашева есімді азаматша келіп, 28 маусымнан 29 маусымға ауысқан түні елордадағы түнгі клубтардың бірінде бокстан Олимпиада ойындарының чемпионы Бақтияр Артаев оны соққыға жықты деп арыз жазған.

Бір қызығы ол шағымында зардап шегуші – «Сот-медициналық сараптама жасалды. Менің бетім көгеріп қалды. Астыңғы жағым орнынан қозғалған. Тамақ іше алмаймын. Жұмысқа да барудан қалдым», - деп жазған. Бірақ, Айсұлу Ыбрашеваның кеше «КТК» арнасына берген сұхбатында байқағанымыздай бетінің көгергені былай тұрсын, бірде-бір дақ түскенін байқамадық. Сонда бұл қалай?

Тағы бір назар аудара кететін жәйт. Арыз жазушы азаматша өзінің шағымында – «Біз құрбым екеуміз «Fashion» деген клубқа көңіл көтеру үшін келдік. Мұндай жағдайдың боларын мүлде ойламадық та. Жаман ойға жетелейтіндей киінген жоқпыз. Мас та емеспіз. Ешкімге кедергі жасамай-ақ, шеткері жерде билеп жүргенбіз. Бір кезде қасымнан өтіп бара жатқан ер азамат мені құйрықтан тартып жіберді. Не болды деп жалт бұрылып қарағанымда, бір жігіт кешір деді. Құрбым «бұл бокстан олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев қой, мен оны білемін, ол мұнда жиі болады» деді. Мен шағымданамын деп айтқаным сол еді жұдырық жағыма келіп тиді. Оның қасындағы жігіт мені ұстап қалды, ал сол кезде Артаев қашып кетті. Күзетшілер, айналадағылар үнсіз қарап тұрды», – деп жазған.

Ал, Артаевтың «Шын» порталына берген сұхбатында – «Оқиға болған күні кешкісін мен Астана қаласындағы «Кувшин» мейрамханасында үлкен кісілермен бірге тамақтанғанмын. Ол қыздың «Fashion» деген клубты қайдан шығарып алғанын білмеймін. Бұл мәселені мен де өздеріңіз сияқты интернеттен оқып білдім. Кейіннен араға бір үлкен адамдар түсіп: «Сені соққыға жықты деп отырған Айсұлу Ыбрашова есімді қыз хабарлассын деп жатыр», - деген соң, телефон нөмірін тауып, сөйлеспекші болғанмын. Менен не керек екенін, неліктен мұндай мәлімет таратқанын білгім келген. Алайда ол телефонмен сөйлеспейтінін, тек куәгерлердің қатысуымен ғана кездесе алатынын айтты. «Онда өзің біл!» – дедім де, тұтқаны тастай салдым. Сондықтан ол қызға менен не керек екенін әлі де біле алмай дал болып отырмын», – деген.

Енді назар аударыңыз, арыз жазған азаматша оқиғаның «Fashion» деген түнгі клубында болды десе, Бақтияр Артаев «Кувшин» мейрамханасында болдым деп отыр. Сонда бұл оқиға қайда болған өзі?

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети