24 желтоқсан 2015 20:10

Батыс Қазақстанда әйелі ажырасуға арыз жазған ер адам өзін-өзі өртеп жіберді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "Мой город" порталы © "Мой город" порталы

Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы Дарьинск ауылында 45 жастағы ер адам үйінің ауласында өзін-өзі өртеп жіберді, - деп хабарлайды "Мой город" порталы. 


Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы Дарьинск ауылында 45 жастағы ер адам үйінің ауласында өзін-өзі өртеп жіберді, - деп хабарлайды "Мой город" порталы. 

Дарьинск ауруханасының дәрігері Қайырғали Қадырғалиевтің айтуынша, 15 желтоқсанда сағат 17.00-де аудандық ауруханаға ер адам 2 және 3-ші дәрежелі күю диагнозымен түскен. "Зардап шеккен Владимир Мозуль бізге ауыр жағдайда түсті, - деді Қадырғалиев. - Біз оған шокқа қарсы терапия жасап, санавиация арқылы Орал қаласындағы облыстық клиникалық ауруханаға жібердік".

Алайда ол 23 желтоқсанда қаза тапты. Кейін Владимирдың ауруханада өлмегені анықталды, себебі оны қолхат беріп, әйелі алып кеткен. "Отасқанымызға 22 жыл болған еді. Біздің екі ересек баламыз бар. Өміріміз керемет өтті демей-ақ қояйын, бірақ әртүрлі жағдайлар болды. Ол жұмыс істемеген кезінде арақ ішетін, ал жұмыс істесе қоятын", - дейді марқұмның әйелі. 

Ал көршілерінің айтуынша, Мозуль сол күні әйелінің ажырасуға арыз жазғанын білген. Сол күні Владимир сойылған шошқаны құйқалап жатыпты. Осыдан кейін ол үстіне бензин құйып, өртеп жіберген.  

БҚО ІІД баспасөз қызметіндегілер 15 желтоқсанда 16.30-да өз үйінің ауласында 1970 жылғы ер адамның өзін-өзі өртегені жайлы деректі растады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети