03 желтоқсан 2014 19:55

Батыс Қазақстанда балалар жаппай уланардың алдында ауаға күкіртті сутек таралған

ПОДЕЛИТЬСЯ

©uralskweek.kz ©uralskweek.kz

Батыс Қазақстанда балалардың жаппай улануынан сәл бұрын Қарашығанақ кен орнында ауаға күкіртті сутектің бірнеше рет таралғаны тіркелген, - деп хабарлайды "Мой город". Бұл туралы облыс прокуроры Серік Қараманов мәлімдеді. Еске сала кетейік, балалар 28 қараша күні жаппай уланып қалған болатын.


Батыс Қазақстанда балалардың жаппай улануынан сәл бұрын Қарашығанақ кен орнында ауаға күкіртті сутектің бірнеше рет таралғаны тіркелген, - деп хабарлайды "Мой город". Бұл туралы облыс прокуроры Серік Қараманов мәлімдеді. Еске сала кетейік, балалар 28 қараша күні жаппай уланып қалған болатын.

Прокурордың айтуынша, мамандар оқиға орнында ауа сынамаларын алып тексерген. "Біз 17, 18, 19 және 25 қараша күндері ауаға рұқсат етілген нормадан асып кететін қалдықтар таралғанын анықтадық. Бірінші рет қалдық ауаға 27 қараша күні 14.19-да таралған, екінші рет 18.30-да. Экологтардың болжамына қарағанда, күкіртті сутек адам ағзасына жиналып қалып, кейін кері әсерін тигізеді. Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг қызметкерлерінің айтуынша, электр энергиясы жүйесіндегі ақауға байланысты газды кері сорып алатын компрессор жабдығы істен шыққан, сол себепті әдетте жағып жіберілетін газ ауаға таралған. Тұрғындар осыны айтқан да болатын. Ол расталды", - деді Қараманов. Прокурор балалар жаппай уланғаннан кейін топырақ пен судан сынама алынғанын айтты. "Сонымен бірге, біз газ буы тарап жатқанын байқау үшін "Қазгидрометтен" ауаның ғарыштан түсірілген көрінісін де аламыз", - деді ол.

Қарамановтың айтуынша, ауруханаға 31 адам түскен, олардың дені қазір сауығып шықты. Төрт адам стационарлық емдеуде жатыр, олардан созылмалы ауру анықталды. Бүгін, 3 желтоқсан күні дәрігерлерге улану белгілері бар тағы жеті адам көрінді, олардың арасында алты бала бар. 

Еске сала кетейік, Березовка ауылындағы мектепте балалар жаппай уланып қалған еді. 20-дан астам адам бірінен соң бірі талып қала бастаған. Дәрігерлер "зорығу" деген алдын ала диагноз қойды. Сонымен бірге, "баллоншадан шашылған газдан улану" деген диагноз да қарастырылды. Жергілікті тұрғындар оқиғаға себеп болып отырған өңірдегі экологиялық жағдай екеніне сенімді: Березовка ауылы дәл Қарашығанақ кен орнының маңында орналасқан. Оқиғадан кейін Березовка тұрғындары Елбасыға хат жазып қойғандарын хабарлады, хатта оларды қауіпсіз аймаққа көшіру туралы өтініш айтылған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети