10 мамыр 2019 13:55

Батыс Қазақстанда жол-көлік оқиғасы салдарынан адам қаза тапты

Дина Муратова Редактор

ПОДЕЛИТЬСЯ

© фото: ternograd.te.ua © фото: ternograd.te.ua

Бұл оқиға 9 мамырда түнгі сағат 02:00 шамасында Орал-Кирсанов көлік жолында болған, - деп хабарлайды "Мой Город".  


Бұл оқиға 9 мамырда түнгі сағат 02:00 шамасында Орал-Кирсанов көлік жолында болған, - деп хабарлайды "Мой Город".  

Жол-көлік оқиғасы Володарское ауылының жанында болған. Жүк көлігі мен лада көлігі соқтығысып, салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі қаза тапқан. Төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің айтуныша, екі көлік маңдайлық соқтығысқан. 

"Оқиға орнына келген құтқарушылар 2001 жылы туған жеңіл көліктің иесінің дене бөліктерін теріп жинаған. Ал 1958 жылғы жүк көлік иесі ешқандай жарақат алмаған. Жол-көлік апатына 4 құтқарушы мен бір техника барған", - деді  Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері.

Жергілікті полиция қызметкерлерінің айтуынша, жеңіл көлік иесі жолдың қарама-қарсы бағытына шығып кеткен.

"9 мамырда түнгі сағат 1.15 Дария ауылының тұрғыны лада көлігімен Орал-Кирсанов жолында қарама-қарсы бағытқа шығып кетіп жүк көлігімен соғтығысты. Салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі қаза тапты. Осы оқиға бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді полицияның баспасөз қызметі өкілдері.
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети