1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Батыс Қазақстанда полиция көлігі аударылып қалды17 қаңтар 2016, 18:56

© mgorod.kz © mgorod.kz

Батыс Қазақстан облысындағы автожолда полиция көлігі аударылып қалды, - деп хабарлайды "Мой город". Жол-көлік оқиғасы 16 қаңтарда Орал - Ақсай автожолында болған.

Куәгерлердің айтуынша, жолда Volkswagen Sharan мен жол-патрульдік полициясы батальонының көлігі соғысқан. Салдарынан полицейлердің көлігінің жол жиегіне шығып кетіп, аударылғаны хабарланып отыр.

Жергілікті полициядағылар жол-көлік оқиғасы дерегін растады. "Жол-көлік оқиғасы шын мәнінде болды. Қызметкерлердің көлігі аударылды. Жол апаты ауа райының қолайсыздығынан болған. Абырой болғанда, жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ, Volkswagen жолаушылары да, полицейлер де", - деп хабарлады полициядағылар басылым тілшісіне.


Алматыда митинг өтті