23 қыркүйек 2019 10:05

Баянауылдағы өртті сөндіруге 500 адам атсалысып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Баянауылда алапат өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Баянауылда алапат өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жедел мәлімет бойынша, үш ауылды мекен аумағында өрт сөндірілген, зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Тағы екі жерде өрт ауыздықталды. Павлодар облысының әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Баянауыл ұлттық саябағында таулы аймақта өрт сөндіру жұмыстары жүріп жатыр. 

"Орман даладағы өрттің шығуына таяу күндері ауа райының тым жоғары болуы айтарлықтай әсер етті, сондай-ақ, секундына 20-24 метрге дейін жел соғып жағдайды ушықтырған. Кешеден бері 120 арнайы техника мен ТЖ департаменті, ұлттық саябақ жәе еріктілерден құрылған 500 адам жұмылдырылған", - деді ТЖД басшысы Ернұр Өтегенов. 


Сурет облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен

Қазіргі уақытта өртпен күреске үш тонналық цистернамен жабдықталған әуе техникасы жұмылдырылды. Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, өртті сөндіру қиын жерде жүргізіледі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Павлодар онлайн (@pavlodar.online)

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети