05 мамыр 2017 17:41

Белсенді әрі сұлу. Колледждегілер 15-қабаттан құлаған қыз туралы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оқиға орнынан Оқиға орнынан

Астана орталығында суицид жасамақшы болған студент қыз оқитын оқу орнындағылар қыз туралы мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Астана орталығында суицид жасамақшы болған студент қыз оқитын оқу орнындағылар қыз туралы мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Ол бізде бірінші курста оқыды. Суицидке баратындай ештеңе болған жоқ. Сабағын жақсы оқиды, шәкіртақы алады. Анасымен бірге тұрады. Анасы күйеуімен ажырасып кеткен. Сабағына және тәрбиt ісі бойынша ешқашан жаман жағынан көрінген жоқ. Ол өте белсенді, жақсы, көңілді әрі сұлу қыз", - деді Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің оқу-тәрбие жұмысы бойынша директордың орынбасары Нұрлан Ақдәулетов. 

Колледж маманының ойынша, қыздың мұндай әрекетке баруына жақсы көретін жігітімен айырылысуы себеп болуы мүмкін. 

"Құрбылары мен бір топта оқитын қыздардың айтуынша, ол жігітімен айырылысқан, кейінірек оның телефонында жігітінің басқа қызбен түскен суреттері пайда болған, осы жағдай оның осындай әрекетке баруына себеп болған, меніңше. Бұл әзірге біздің ғана болжамымыз. Құдайға шүкір біздің қызымыз аман қалды, - деді Нұрлан Ақдәулетов. 

Сонымен қатар, студент қыздың колледж психологына келіп, себептерін айтпастан бір мәселеге басы қатып жүргенін айтқан. Колледж маманының айтуынша, психолог қыздың рұқсат бермегеніне байланысты ата-анасына айта алмаған. 

"15-20 күн бұрын ол колледж психологына қаралған, бірақ басқа мәселелер бойынша, психологтың айтуынша, оның мәселесі нақты бірдемеге қатысы болмаған. Себебі қыз бала нақты мәселені айтпаған. Ал психолог заң бойынша одан күштеп жауап ала алмайды. Біздің психолог оған анасымен жақсылап сөйлесіп, студенттер емханасындағы психологқа қаралуды ұсынған, алайда студент қыз одан бас тартқан", - деді директордың орынбасары. 

Сонымен қатар, ол қалалық денсаулық сақтау басқармасы колледж психологының жұмысын тексергенін және ол жақтан еш заң бұзушылықтарды таппағанын мәлімдеді.

"Оның барлық құжаттары дұрыс, ол (зардап шеккен студент - авт. сөзі) консультациядан өткені және тест тапсырғаны журналға тіркелген, - деді ол. 

Қайғылы оқиға болған күні қыз бала колледжден бірінші сабақтан соң кетіп қалған, бірақ онымен бір топта оқитын достары оның көңіл-күйі көтеріңкі және күліп жүргенін айтқан. 

"Біз сол күні студентіміздің анасымен жанжалдасқанын не жанжалдаспағанын білмейміз. Осыған дейін оның анасы өндірістік білім беру шеберіне келіп, қызына әсер етуді сұраған, себебі қыз анасын тыңдамай құрбыларының үйіне кетіп қалатын болған. Мұндай болып тұрады", - деді Нұрлан Ақдәулетов. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети