07 желтоқсан 2017 11:41

Бесінші қабаттан құлаған алты жасар баланы құтқарған жігіттің кім екені анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алтыншы қабаттан құлаған баланы құтқарып қалған жігіттің әпкесі осы оқиға туралы айтып берді, - деп хабарлайды kstnews.kz. Құтқарушының есімі - қостанайлық футболшы, "Тобыл" футбол клубының ойыншысы Данил Цой. 


Алтыншы қабаттан құлаған баланы құтқарып қалған жігіттің әпкесі осы оқиға туралы айтып берді, - деп хабарлайды kstnews.kz. Құтқарушының есімі - қостанайлық футболшы, "Тобыл" футбол клубының ойыншысы Данил Цой. 

"Сол күні ол менің әпкемнің үйінен шыққан. Сол жерде ол мынадай дауыстарды естіген: Көмектесіңіздер! Көмектесіңіздер! Бесінші қабатта бала салбырап тұрған. "Мен шыдай алмаймын, қазір құлаймын!", - деген сөздерді естіген Данил оған былай деді "Секіре бер, мен тосып аламын!". 

Құлап келе жатқан бала төртінші қабаттағы қалқанға соғылып, Данилдың тура тосып алуына кедергі жасаған, алайда ол қолымен іліп қалып, құлаудың салдарын барынша жеңілдеткен. Осы кезде тағы бір ер адам жақындаған. Бала бірден қозғала қоймаған, кейін тыныстай бастады. Жергілікті тұрғындар жедел жәрдем шақырған. Данил ешкімге айтпай кетіп қалған. 

Кейінірек Данил жедел жәрдем көрсету орталығында істейтін досы арқылы баланың жағдайы дұрысталғанын білген. Алты жасар баланың осындай жағдайға қалайша тап болғаны әзірге белгісіз. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети