09 қыркүйек 2014 12:50

Биіктен секіріп кеткен қыз бұрын да өзін-өзі өлтірмек болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

"Астана салтанаты" тұрғын үй кешенінің 21-қабатынан секіріп кеткен қыз бұрын да өз-өзін өлтіруге әрекеттенген. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Астана қаласы ІІД баспасөз хатшысы Софья Қолышбекова айтты.

"Тексеру жүріп жатыр, соның барысында қыздың бұрын да суицид жасауға әрекеттенгені белгілі болды", - деді Қолышбекова.

8 қыркүйек күні Астанада 20 жастағы қыз "Астана салтанаты" тұрғын үй кешенінің 21-қабатынан секіріп кетіп, қайтыс болған еді. Полицияның баспасөз хатшысының айтуынша, қыз елордада тұрғанымен, ол тұрып жатқан пәтер "Астана салтанаты" тұрғын үй кешенінде болмаған. Полицейлер куәгерлердің айтуы бойынша оқиғада қылмыс белгісі жоқ екенін атап өтті.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети