20 желтоқсан 2016 14:47

БҚО-да ауыл әкімі оқушыны ұрып-соққаны үшін тергеуде жүрген мұғалімді марапаттаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© uralskweek.kz © uralskweek.kz

Қараоба ауылының әкімі Нұрлығали Дүйсеков баланы ұрғаны үшін тергеуде жүрген алғашқы әскери дайындық пәнінің бұрынғы мұғалімі Айдос Ғабдұлкәрімовті Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты құрмет грамотасымен марапаттаған. Tengrinews.kz тілшісі марапатталушының тергеуде жүргенін БҚО әкімдігінің де, Қазталов ауданы әкімдігінің де білмегенін анықтады. 


Қараоба ауылының әкімі Нұрлығали Дүйсеков баланы ұрғаны үшін тергеуде жүрген алғашқы әскери дайындық пәнінің бұрынғы мұғалімі Айдос Ғабдұлкәрімовті Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты құрмет грамотасымен марапаттаған. Tengrinews.kz тілшісі марапатталушының тергеуде жүргенін БҚО әкімдігінің де, Қазталов ауданы әкімдігінің де білмегенін анықтады. 

"Бұл ауыл әкімінің жеке бастамасы еді. Ол мұны аудан әкімімен де келіспеген. Облыс әкімдігі бұл туралы тіптен ештеңе естімеген де. Мұндай тізімді бізге бермеді", - дейді БҚО әкмінің баспасөз хатшысы Жарқын Түсіпбеков. Ол бұл мәселенің тәртіптік кеңесте қаралып, оның қорытындысы бойынша ауыл әкіміне қатысты шара қолданылатынын айта кетті. 

Баспасөз хатшысының айтуынша, ауыл әкімі баланы ұрғаны үшін тергеліп жатқан АӘД пәнінің бұрынғы мұғалімін қандай еңбегі үшін марапаттағанын түсіндіру керек болады. 

Қылмыстық істің тергеуі аяқталып, іс материалдары сотқа жіберілгені анықталды. 

Қазталов ауданының прокуроры Дәурен Медетбеков бұрынғы мұғалімнің ісі кәмелетке толмаған тұлғаның денсаулығына қасақана ауыр зақым келтірген деген айыппен сотқа жіберілгенін мәлімдеді. Оқиға кезінде сол жерде болған мектептің тарих мұғаліміне қатысты прокуратураның наразылығы жоқ.

Еске салайық, қазан айында сол кезде алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі мектептің футбол алаңында оныншы сынып оқушысы Еділ Мақсатовпен сөзге келіп қалған. Мәселені сөзбен шеше алмаған мұғалім баланы теуіп жіберген. Оқушы "сол жақ жыныс безінің езіліп кетуі" диагнозымен облыстық балалар ауруханасына түскен. Оған жедел түрде ота жасалды, дегемен, дәрігерлер оның болашақта белсіздікке ұшырамауына кепіл бермейді. 

Оқиғадан кейін Айдос Ғабдулкәрімов мектептен өз еркімен кеткен. Оған қатысты ешқайда кетпеу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети