02 мамыр 2018 16:12

БҚО-да автобус пен жүк көлігі соқтығысты: Екі өзбекстандық азамат қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Орал-Атырау тасжолында жолаушылар автобусы мен жүк көлігі соқтығысты, - деп хабарлайды "Мой город".


Орал-Атырау тасжолында жолаушылар автобусы мен жүк көлігі соқтығысты, - деп хабарлайды "Мой город".

Куәгерлердің айтуынша, жол-көлік оқиғасы 2 мамырда шамамен 00:30-да Ақжайық ауданы Лбищенск ауылының маңында болған. 

Видеода автобус пен жүк көлігінің соқтығысқанын байқауға болады. Оқиға орнында полицейлер қызмет етіп жатыр.  

БҚО денсаулық сақтау басқрамасы баспасөз қызметінің өкілдері жол апатынан екі адамның қаза тапқанын айтты. 

"Автобус және жүк көлігінің жүргізушілері қайтыс болды, екеуі де Өзбекстан азаматы. Олар жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болған. Тағы бір зардап шеккен адамды Ақжайық аудандық ауруханасына әр түрлі дене жарақатымен жеткізді", - деді ведомство өкілдері. БҚО ІІД өкілдері кейінірек пікір білдіруге уәде берді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети