26 қараша 2017 14:42

БҚО-да екі көлік бетпе-бет соғысты: 4 адам қаза болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысында екі көлік бетпе-бет соғысып, салдарынан 4 адам қаза тапты. Жол апаты 26 қарашада шамамен таңғы сағат 8-де болған, - деп жазады "Мой ГОРОД".


Батыс Қазақстан облысында екі көлік бетпе-бет соғысып, салдарынан 4 адам қаза тапты. Жол апаты 26 қарашада шамамен таңғы сағат 8-де болған, - деп жазады "Мой ГОРОД".

БҚО Жергілікті полиция қызметінің басшысы Манарбек Ғабдуллиннің айтуынша, "ВАЗ 2114" пен Volkswagen көліктері Орал-Ақсай тасжолының 68-шақырымында соғысқан.

Алдын ала мәлімет бойынша, "ВАЗ" жүргізушісі Орал қаласына қарай бара жатып, тасжолдың 68-шақырымында қарсы жолаққа шығып кетіп, Volkswagen жүргізушісімен соғысқан. Нәтижесінде жүргізуші мен "ВАЗ" көлігінің үш жолаушысы оқиға орнында қаза болған. Ал Volkswagen жүргізушісі Теректі ауданының орталық ауруханасына жеткізілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети