03 мамыр 2018 20:40

БҚО-да жол апатынан қаза тапқан ер адамның өлімі жайлы ата-анасы білмеген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облыстық ІІД жергілікті полиция қызметінің мамандары Самара - Шымкент тасжолында ер адамды қағып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен Mercedes жүргізушісін ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Батыс Қазақстан облыстық ІІД жергілікті полиция қызметінің мамандары Самара - Шымкент тасжолында ер адамды қағып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен Mercedes жүргізушісін ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Із түссіз жоғалған Андрей Дудаковтың денесі 30 сәуірде Павлово және Погодаево (Зеленовский ауданы) ауылдарының арасындағы жол маңында табылған. Ол жол-көлік оқиғасы салдарынан алған жарақатынан қайты болған. 

Облыстық ІІД жергілікті полиция қызметінің мамандары жүргізген жедел іздеу шаралары нәтижесінде Mercedes маркалы көлігінің жүргізушісін қылмысқа күдікті ретінде ұстады. Ішкі істер органы қызметкерлері осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет") бойынша сотқа дейінгі тергеу шараларын жүргізіп жатыр. 

"Мой город" басылымының мәліметінше, 27 жастағы Андрей Дудаков 16 сәуірде із түссіз жоғалып кеткен. Жігіт құрылысшы болып, талай мәрте Ресейге жұмысқа шығып жүрген. 12 сәуірде ол Мәскеуге кеткен. Төрт күн өткеннен кейін ол анасына хабарласып, елге қайтатыны жайлы айтқан. Ол кезде Андрей шекара асып кеткен. Туған туыстары оны күткен, алайда ол оралмаған. Сол кезден бастап олар жігіттің телефонына қоңырау шалған, алайда ұялы телефон сөндірулі боғлан. 

Андрей Мәскеуден Самараға жетіп, Оралға дейін жол-жөнекей кетіп бара жатқан көлікке мінген. Зеленовский ауданындағы Погодаева ауылына жеткенде ол көліктен түсіп қалған. Осыдан кейін ол белгісіз бағытта кеткен. Бұл мәліметті Андрейді өз көлігімен алып кеткен ер адам айтып берген. 

"Біз жүргізушіні таптық, онымен сөйлестік. Ол көліктен түскенде сағат түнгі екі болғанын айтады. Біз барлық жерді шарлап шықтық, баламның суретін көрсеттік, алайда оны көрген ешкім болмады", - дейдіқаза тапқан жігіттің анасы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети