09 қазан 2017 13:27

БҚО-да жол талғамайтын көлік аударылды: Үш адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© 54.rodina.news © 54.rodina.news

Батыс Қазақстан облысында Самара - Шымкент тасжолында жол талғамайтын көлік аударылды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам қаза тапты, тағы үшеуі жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Батыс Қазақстан облысында Самара - Шымкент тасжолында жол талғамайтын көлік аударылды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам қаза тапты, тағы үшеуі жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полициядағылардың айтуынша, жол апаты 8 қазанда 17:15-те Самара - Шымкент тасжолының 513-ші шақарымында болған. 

"26 жастағы жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмай, Toyota Land Cruiser Prado 100 көлігіне соғысқан. Жол апаты болған жерде жүргізуші мен екі жолаушы қаза тапты - 25 және 27 жаста", - деді БҚО ІІД баспасөз қызметіндегілер. 

БҚО денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің айтуынша, қаза тапқан жолаушылар БҚО, Ақтөбе және Алматы облысының тұрғындары екен.

"Жол-көлік оқиғасы болған жерден Сырым аудандық ауруханасына 26 жастағы жігіт түсті, оның миы зақымданған, бұғанасы сынған және травматикалық шок алған. Сонымен қатар, жол апаты болған жерден 45 жастағы әйел мен үш жасар сәби Қобда ауылындағы ауруханаға жеткізілді", - деді БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің өкілі Саламат Ералин. 

Қазіргі уақытта жол апаты дерегіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") бойынша іс қозғалды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети