15 тамыз 2016 14:56

БҚО-да киіктің мүйіздерін жоғалтқан тергеуші сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© mgorod.kz © mgorod.kz

Батыс Қазақстан облысында заттай айғақтарды жоғалтқаны үшін тергеуші сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Батыс Қазақстан облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Батыс Қазақстан облысында заттай айғақтарды жоғалтқаны үшін тергеуші сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Батыс Қазақстан облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сотта тергеушінің қылмыстық істердің бірін зерттей отырып, 100 киіктің мүйізін жоғалтқаны белгілі болды. Олардың жалпы саны 149 болған екен.

"Жоғалтқан мүйіздерге қатысты деректі жасыру үшін тергеуші өзінің тергеп жатқан қылмыстық істегі процессуалдық құжаттардың тұпнұсқаларының көзін жойып, 45 мүйіздің алынғаны жайлы хаттамаларды қолдан жасап, сонымен қатар, құжатқа куәгерлердің қолын сырттай ұқсатып қойған", - деп хабарлады БҚО прокуратурасының баспасөз қызметіндегілер.

Тергеу мәліметінше, тергеуші заттай дәлелдерді мойындау үшін алдын ала қаулы шығарып, онда жалған мәліметтерді енгізген.

Айта кетейік, сотталушы өз кінәсін мойындамады. Алайда айыптаушы оған тағылған айыпты дәлелдейтін бірнеше айғақты айтқан болатын.

"Орал қалалық соттың шешімімен БҚО ІІД тергеушісі 2 жыл 6 айға дейін бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарының құжаттарын қолдан жасап, қызмет бабында жалған құжат жасағаны үшін мемлекеттік органдарда жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды", - деп мәлімдеді БҚО прокуратурасының баспасөз қызметіндегілер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети