19 қараша 2018 16:47

БҚО-да көлік мұз астына түсіп кетіп, екі адам қаза болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "Мой Город" © "Мой Город"

Батыс Қазақстан облысында көлік мұз астына түсіп кетіп, екі адам қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой Город" басылымына сілтеме жасап.


Батыс Қазақстан облысында көлік мұз астына түсіп кетіп, екі адам қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой Город" басылымына сілтеме жасап.

Қайғылы жағдай 18 қарашада болған. Audi А6 маркалы көлік Казталов ауданы Ақпәтер ауылының маңында орналасқан өзендегі мұздың астына түсіп кеткен.

"Көлікте Ақпәтер ауылының 1979 және 1981 жылғы екі тұрғыны болды. Екеуі де қаза тапты", - деп хабарлады Казталов ауданы әкімдігіндегілер.

Басылымның мәліметінше, қаза болғандардың денесі сараптамаға жіберілді. Оқиғаның басқа мән-жайы анықталып жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети