03 қыркүйек 2019 09:00

БҚО-да колледж ғимараты опырылып түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© 24.kz © 24.kz

Батыс Қазақстан облысы Калинин ауданында колледж ғимараты опырылып түсті, - деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы.


Батыс Қазақстан облысы Калинин ауданында колледж ғимараты опырылып түсті, - деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы.

Өңірлік ТЖД мәліметінше, көлемі 80 шаршы метр болатын қабатаралық жабын опырылған. Сондай-ақ, төтенше жағдайдың себебі ғимараттың ескіруі екені айтылады. Сарапшылар тобынан құрылған комиссия осыдан төрт жыл бұрын бұл ғимараттың апатты жағдайда екенін айтып, нәтижесінде колледжде сабақтар тоқтатылған екен.

Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Телеарнадағылардың мәліметінше, бұл ғимарат 1980 жылы салынған.



Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети