04 наурыз 2019 09:18

Білім басқармасындағылар Шымкенттегі мектепте болған төтенше жағдайды тексеріп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram/club_dobryakov_shymkent © instagram/club_dobryakov_shymkent

Шымкенттің білім басқармасының өкілдері № 1 мектеп-гимназиясында болған төтенше жағдайға қатысты пікір білдірді. 6-сынып оқушысы мұғалімнің сөзінен кейін ауруханаға түсіп қалған болатын, - деп жазады Otyrar.kz.


Шымкенттің білім басқармасының өкілдері № 1 мектеп-гимназиясында болған төтенше жағдайға қатысты пікір білдірді. 6-сынып оқушысы мұғалімнің сөзінен кейін ауруханаға түсіп қалған болатын, - деп жазады Otyrar.kz.

Қалалық білім басқармасының мәліметінше, оқушыға үй жұмысын дұрыс орындамағаны үшін ескерту жасалған. 

"№ 1 мектеп-гимназиясының қазақ тілінің мұғалімі 6-сынып оқушысы Досымбек Әлиханға үй жұмысын дұрыс орындамай келгені үшін дауыс көтерген. Мектептің медициналық қызметкері Әбдукәрімова баланың жағдайын көріп, көмек көрсетті. Жедел жәрдем баланы балалар ауруханаға жеткізді. Оған бронхит диагнозы қойылып отыр.

Ал жоғары дәрежелі мұғалім Ибраева мектепте 24 жыл жұмыс істеген. Қазіргі уақытта осы жағдай зерттеліп жатыр, қорытындысы бойынша заңнама аясында шаралар қолданылады", - делінген хабарламада.

Сынып жетекшісі мен медициналық қызметкердің айтуынша, бала есепте тұрған жоқ, спортпен шұғылданады.

Еске салайық, осыған дейін Instagram желісіндегі club_dobryakov_shymkent парақшасында зардап шеккен мектеп оқушысының анасының үндеуі жарияланған болатын. Онда әйел баласына себепсіз дауыс көтерілгенін айтады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети