22 мамыр 2014 10:41

"Боинг" командирі Ақтөбеге қону кезінде қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Таджик Эйр" әуе компаниясы ұшағы. Ақтөбе. Сурет "Эврика" газетінен алынған "Таджик Эйр" әуе компаниясы ұшағы. Ақтөбе. Сурет "Эврика" газетінен алынған

"Таджик Эйр" әуе компаниясына қарасты "Боинг-757" ұшағының резервтік зкипажының әуе кемесі командиры ұшақ Ақтөбе әуежайына қону кезінде әуеде қайтыс болды. Ұшақ шассиі жерге тимей жатып, ұшқыш әуеде көз жұмған. Қайғылы оқиға 15 мамырда орын алған" деп хабарлайды Tengrinews.kz ақтөбелік "Эврика" газетіне сілтеме жасап.

"Аталмыш әуе компаниясының ұшағы "Душанбе-Мәскеу" бағыты бойынша ұшақ сапарын орындаған. Ұшақ тұрақты түрде Ақтөбе әуежайынан жанармай толтырып отырған. Әуе кемесінің бортында үнемі негізгі және резервті екі экипаж болады. Біреуі Мәскеуге дейін, ал екіншісі Душанбеге қайтар бағытта ұшақты басқарады" деп мәлімдеді "Ақтөбе" Халықаралық әуежайы" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Андрей Шестаев.

Резервті экипаждың екінші ұшқышының сөзіне қарағанда, тамақ ішкен соң командир ұйықтаған. Ұйқыда жатып, ерекше қорылдаған. Бұрындары мұндай күй байқалмаған. Әуе кемесі бортында болған жалғыз дәрігер көмек көрсетуге тырысқан. "Жасанды тыныс алдырып, жүрек тұсына массаж жасаған" деп сөзін жалғады Шестаев. "Бірақ жүректі қайта жұмыс істете алмаған", - дейді ол.

Жанармай толтырып алған соң ұшақ Мәскеуге бет алған. Келесі күні мәйітке тексеру жасалған. Алдын ала болжам бойынша, 1959 жылы туған резервті экипаж командирі Александр Жобиннің өлім себебі - жүрек талмасы. Туыстары ұшқыштың денесін Волгоградқа алып кетіп, сонда жерлеген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети