Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Бөтен адамның төлқұжатымен ел аралаған Өзбекстан азаматшасы ұсталды

09 Ақпан 2015, 11:10
0
©news.headline.kz
©news.headline.kz

Өзбекстан азаматшасы Қазақстан шекарасынан бөтен адамның төлқұжатымен өтпек болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК Шекара қызметіне сілтеме жасап. 

Шекара қызметінің "Алматы" бақылау-өткізу бекетінің бақылаушылары Куала-Лумпур - Алматы бағытымен келген КС-936 жолаушылар рейсін бақылау кезінде Қазақстан Республикасының төлқұжатын көрсеткен азаматшаны ұстады. "Тексеру кезінде ұсталған азаматшаның Өзбекстан Республикасының азаматшасы екендігі анықталды. Ал мемлекеттік шекараны өзінің әпкесінің төлқұжатымен кесіп өтуді ұйғарыпты", - делінген хабарламада. 

Бұдан әрі қарай жүргізілген қосымша тексеру кезінде Өзбекстан азаматшасының соңғы жылдардағы жүріс-тұрысы анықталды. Аталған әйел әуелгіде Қазақстан Республикасында тұруға рұқсат алыпты. Ал 2013 жылы ол Өзбекстан Республикасының төлқұжатын пайдаланып, Шымкент қаласынан Түркияға ұшып барады. Арада бір айдай өткен соң ол жақтан Малайзияға ұшады. Малайзияда визаның жоқтығы үшін ұсталады. Кейін барлық құжаттарын жоғалтады. Содан кейін сол жақта жүрген әпкесінің төлқұжаты арқылы Қазақстанға жетуді ұйғарады. 

Аталған дерек бойынша құқық қорғау органдарына хабар берілді. Ұсталған азаматша Куала-Лумпурға қайтарылды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан шекарасынан бөтен адамның төлқұжатымен өтпек болған Қырғызстан азаматшасының ұсталғаны хабарланған еді. Қырғызстанның 30 жастағы азаматшасын Қостанай облысындағы "Қайрақ авто" өткізу пунктінің наряды Mercedes автокөлігімен Ресей Федерациясына бара жатқан жерінде ұстады. Әйел шекарадан әпкесінің құжаттарымен өтуге тырысқан. Аталған дерек құқық қорғау органдарына хабарланды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай