Қазақстанда бір тәулікте үш адам суға кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасай отырып.
Қазақстанда бір тәулікте үш адам суға кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасай отырып.
7 мамыр күні Жамбыл облысының Қасық ауылындағы "Георгиевка" каналында 14 жастағы жасөспірім суға батып кеткен. Жасөспірімнің денесін сағат 20:10-да жергілікті тұрғындар судан алып шыққан.
Тағы да сол аталған облыстың Қаратау ауылындағы Жартас өзенінде сағат 16:15-те 16 жастағы жасөспірім суға кеткен. Оның денесін 16:50-де Төтенше жағдайлар министрлігінің судан қорғау қызметкерлері тапқан.
Сондай-ақ осы тәулікте Маңғыстау облысы Қарқара ауданында 29 жастағы ер адам суға батып мерт болды. Оның денесі демалыс аумағы қызметкерлерінің көмегімен судан табылған.