30 қыркүйек 2014 19:47

Бішкекте қазақстандық алыпсатарларды тонап кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото depo.ua сайтынан алынды Фото depo.ua сайтынан алынды

Бішкекте қазақстандық және өзбекстандық алыпсатарларға шабуыл жасап, тонап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. тілшісі.


Бішкекте қазақстандық және өзбекстандық алыпсатарларға шабуыл жасап, тонап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. тілшісі.

Бетперде киген қылмыстық топ әлдебіреудің жолсілтеуімен жүріп отырған. Қылмыстық топ мүшелері шабуыл жасаған шағын автобус Қазақстандағы "Ақжол Қордай" шекара бекеті арқылы өтіп, Бішкектегі ең ірі "Дордой" базарына бет алған. Ол көлікте жүргізушіден бөлек 16 жолаушы болған. Көлікте отырған жолаушылар тауар алу үшін бара жатқандықтан олардың әрқайсысында ірі көлемде ақша болғаны белгілі. Шағын автобус базар ауласына кіре берісте жолаушылардың бірі сыртқы шығатынын айтып тоқтатқан. Сол кезде олардың қасына тоқтаған BMW маркалы көліктен бетперде киген 4 қарақшы секіріп түсіп, шағын автобусқа баса көктеп кірген. Қарақшылардың бірі автобустың алдыңғы терезесін қарумен атып қалып, жүргізушіні суырып алған бойда қарудың сабымен бастан ұрып қалған.

Тергеу барысында анықталғанындай, қылмыскерлер шағын автобусты жолаушыларымен бірге айдап әкетіп, ешкім жоқ жерде тонамақ болған екен. Шағын автобус жүргізушісі көліктің кілтін дер кезінде өзінен алыс жерге лақтырып жіберген. Сол себепті қылмыскерлер көліктің алдыңғы орындығында отырған бірнеше жолаушыны ғана тонап үлгерген. Келтірілген шығын сомасы 5 мың АҚШ долларын құраған. Жедел іздестіру шарасы барысында қылмыстық топ мүшелері толықтай ұсталды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети