Бурабайда қонақүй кешені өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бурабайда қонақүй кешені өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"2018 жылы 7 қаңтарда таңғы бес шамасында Ақмола облысы Бурабай ауданындағы екі қабатты "Уют" қонақүйі кешенінің ағаштан жасалған шатырында өрт шықты. Өрт аумағы - 120 шаршы метр", - деді ҚР ІІМ ТЖ комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.
Ол Ақмола облыстық өрт сөндірушілерінің өртті 06:26-да ауыздықтап, 07:33-те толығымен сөндіргенін мәлімдеді.
"Өрт сөндіруге 30 маман мен жеті арнайы техника жұмылдырылды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына - сымдардың қысқа тұйықталуы себеп болған", - деп қорытындылады Иманқұлов.