21 қаңтар 2016 09:10

Дәретханадағы сәбиді шығарып алу сәті түсірілген эксклюзив кадрлар

ПОДЕЛИТЬСЯ

КТК кадрлары КТК кадрлары

КТК телеарнасының тілшілеріне Жамбыл облысындағы жол бойындағық оғамдық дәретханадан сәбиді шығарып алу сәті түсірілген эксклюзив кадрлар келіп түсті. Құтқарушылар сәбиді алып шығу үшін тер төгіпті.


КТК телеарнасының тілшілеріне Жамбыл облысындағы жол бойындағық оғамдық дәретханадан сәбиді шығарып алу сәті түсірілген эксклюзив кадрлар келіп түсті. Құтқарушылар сәбиді алып шығу үшін тер төгіпті.

Құтқару операциясы жарты сағатқа созылған. Бастапқыда ер адамдар әжетхана құрылысын қиратпақ болады. Бірақ бетон бұзылмай қояды. Содан кейін орға түсудің бір ғана жолы едендегі тар тесік екені белгілі болады. Ең арық құтқарушы табылады. Бұл уақытта сәби жылауын да қойып қалады. Бірақ оны ордан шығарған сәттерінде сәбидің даусы естіледі. (Дереккөз: КТК)

Еске сала кетейік, 2016 жылдың 3 қаңтарында "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" автожолындағы қоғамдық әжетханадан жаңа туған сәби табылған болатын. 8 қаңтарда полицейлер дәретханаға жаңа туған сәбиін тастаған келіншекті тапты. Дәрігерлер нәрестенің шамамен 6 күн бұрын дүниеге келгенін анықтады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети