14 наурыз 2017 11:23

Дәрігерлер Алматыда полицей қағып кеткен 9 жастағы баланың жағдайы туралы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасындағылар полицейлер қағып кеткен 9 жастағы баланың жағдайы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Басқарма басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Нұржан Исабеков брифингте хабарлағандай, баланың жағдайы қанағаттанарлық.


Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасындағылар полицейлер қағып кеткен 9 жастағы баланың жағдайы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Басқарма басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Нұржан Исабеков брифингте хабарлағандай, баланың жағдайы қанағаттанарлық.

"Балаға жіліншіктің жабық сынығы деген диагноз қойылды. Оған ота жасалды, сүйегін тарттық. Баланың жағдайы тұрақты. 7-10 күндей бақылайтын боламыз", - деді Нұржан Исабеков.

Баланың жол апатынан алған жарақаты орта деңгейлі деп бағаланып отыр. Ол алдағы күндері ауруханада жатады. Қашан аяққа тұратыны әзірше белгісіз болып тұр. 

Айта кете кетейік, баланы қағып кеткен полицейлер қызметінен босатылған болатын. "Тәртіптік комиссияның шешіміне сәйкес Алматы қалалық ІІД басшысының 2017 жылдың 13 наурызындағы бұйрығымен Алматы қалалық ІІД ӘПБ ЖПП ӨҚ аға инспекторы, полиция аға лейтенанты Н.Тұмабаев ішкі істер органдарынан қызметтен босатылды. Ол адам қаққан сәтте тізгінде болған. Оның серігі - Алматы қалалық ІІД ӘПБ ЖПП ӨҚ аға инспекторы, полиция аға лейтенанты Б.Кембебаев та қызметінен босатылды", - деген еді полицейлер.

Ал осыған дейін зардап шеккен баланың әкесі Михаил Ковалев Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында ұлына ота жасалғанын айтқан еді. 9 жастағы баланың аяғы сынғаны белгілі болды.

"Оған наркозбен ота жасалды. Сол аяғы сынған. Ауруханада тексерістен өтті, жеңіл бассүйек ми жарақатын алған. Басқа жеріне зақым тимеген", - дейді әкесі. Айта кетейік, ол қазіргі уақытта ұлымен бірген ауруханада.

Әкесінің айтуынша, ол мектептен қайтып келе жатқан. Ұлы 3-сыныпта оқиды екен. "Полицейлер оған көмектесіп, 4-ауруханаға жеткізді. Содан ол жақтан Бірінші балалар ауруханасына жеткізілді. Полиция қызметкерлері келіп, кешірім сұрады. Жауапкершілікті өз мойнына алатындарын айтты. Емнің ақшасын төлейміз деп уәде берді", - дейді Михаил Ковалев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети