05 қыркүйек 2017 17:33

Дәрігерлер Астанада көлік қағып кеткен оқушы қыздардың жағдайы туралы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дәрігерлер Астанада көлік қағып кеткен оқушы қыздардың жағдайы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Дәрігерлер Астанада көлік қағып кеткен оқушы қыздардың жағдайы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

№2 қалалық балалар ауруханасына 2007 жылғы екі қыз түскен еді.

"М. есімді қыздың жағдайы тым ауыр. Ес білу деңгейі - "кома1". Қабылдау бөлімінде қаралғаннан кейін және тексеруден соң мамандар мынадай диагноз қойды: полижарақат, мидың жабық жарақаты, ауыр деңгейде ми зақымы, маңдай тұс сүйектің сынуы, торлы қабық астына қан құйылу, кеуде тұсынан жарақат (жүрегі, өкпесі), бүйрегі зақымдалған. Жамбасы сынған, бірақ таймаған. Сол жақ шынтағы мен оң аяғы зақымданған. Жарақаттан шок деңгейі - 2-3", - деді № 2 қалалық балалар ауруханасының бас дәрігері міндетін атқарушы Асылбеков. 

Қыздың жағдайы аса ауыр халде. Қыз бала жасанды дем алдыру аппаратына жалғанған. Интенсив терапия жалғасып жатыр. 

Екінші зардап шеккен қыз Ф.-ның оң аяғы мен табаны сырылған. Ол жергілікті тұрғылықты жері бойынша амбулаторлық емделуге жіберілді. 

Еске салайық, Астанада бағдаршамның рұқсат етілмеген түсіне өткен автомобиль жүргізушісі үш оқушы қызды қағып кетті

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети