11 қараша 2019 09:58

Дәрігерлер мұзға құлап кеткен баланың жағдайын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дәрігерлер Қостанай облысында мұзға құлап кеткен баланың жағдайын айтты, - деп хабарлайды "Алау".


Дәрігерлер Қостанай облысында мұзға құлап кеткен баланың жағдайын айтты, - деп хабарлайды "Алау".

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері баланың жағдайы тұрақтанғанын айтты. 

"Бала жансақтау бөлімінен жалпы палатаға ауыстырылды. Дәрігерлердің қарауында. Ол әбден суықтап қалған, пневмония. Қазіргі уақытта оның өміріне еш қауіп жоқ", - деді ведомство өкілдері. 

Осыған дейін, Қостанай облысында мұз үстінде ойнап жүрген екі бала суға құлап кетіп, қайтыс болғаны туралы хабарланды. 

Оқиға 10 қарашада Жітіқара қаласында 16:25-те болған. Полицейлер жасанды суқоймасынан тағы үш баланы құтқарған.

"Алдын ала мәлімет бойынша, тереңдігі екі метр болатын әлі дұрыс қатпаған мұздың үстінде балалар ойнап жүрген. Полицейлер құтқарылған балаларды дереу жедел жәрдем бригадасында тапсырған, оларды ауруханаға алып кетті. Аудандық орталық ауруханада дәрігерлер екі баланың қайтыс болғанын айтты, олар 2014 және 2013 жылғы, болжаммен оларға суық өтіп кеткен", - делінген баспасөз хабарламада. 

2011 жылғы бала дәрігерлердің қарамағында қалған. Оның жағдайы - орта деңгейлі ауырлық. Сонымен қатар, балаларды құтқару кезінде зардап шеккен 1954 жылғы куәгер де ауруханаға жатты. Оның да жағдайы орта деңгейлі ауырлық. 

"ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды. Балаларға мұз үстінде ойнау қауіпті екенін ескерту керек. Күзгі мұз қараша мен желтоқсан аралығында дұрыс қатпайды, сол себепті қауіпті", - делінген ТЖК хабарламасында. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети