16 мамыр 2018 17:32

Дәрігерлер өрт сөндіру көлігі қағып кеткен әйелдің жағдайын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Алматының денсаулық сақтау басқармасының өкілдері өрт сөндіру көлігі қағып кеткен әйелдің жағдайы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Алматының денсаулық сақтау басқармасының өкілдері өрт сөндіру көлігі қағып кеткен әйелдің жағдайы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Зардап шегуші 60 жаста екені хабарланып отыр. Дәрігерлердің алдын ала диагнозы: жамбасы сынған және миы шайқалған. Ол №7 қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілді. 

"Орташа ауыр жағдайда. Есін біледі. Кеше сынған сүйектерін бекіту операциясы болды. Шогы қайтты. Бүгін түрлі жарақаттар бөліміне шығарылды. 1-2 күнде жамбас сүйегінің қорытынды остеосинтезы жасалады", - дейді басқарма өкілдері. 

15 мамырда өрт сөндіру көлігі жол талғамайтын көлікпен қақтығысудан қашып, Саин мен Жұбанов қиылысында әйелді қағып кеткен. Кейін көлік қоршауға соғылды. Оқиға артында келе жатқан көліктің видеотіркеу құрылғысына түсіп қалған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети