14 қазан 2015 17:37

Дәрігерлер Павлодар маңында автобустың аударылып қалуынан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pavon.kz © pavon.kz

Дәрігерлер Павлодар облысында автобустың аударылып қалуынан зардап шеккендердің жағдайы қанағаттанарлық екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.


Дәрігерлер Павлодар облысында автобустың аударылып қалуынан зардап шеккендердің жағдайы қанағаттанарлық екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Зардап шеккен үш әйел Павлодар ауруxанасының нейрохирургия және жарақат бөлімдерінде жатыр. Сонымен қатар, жол апатынан зардап шеккен 11 жастағы қыз облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Қазіргі таңда ол жарақат бөлімінде "омыртқаның қыспа сынығы" деген диагнозбен жатыр. Оның жағдайына орташа ауыр деген баға берілді. Зардап шеккендердің арасындағы ең үлкені 79 жастағы әйел, оның бас миы зақымданған.

Өңірлік ІІД мамандары жол апатының Павлодар облысы Аққу ауылының маңында Омбы - Майқапшағай автожолында болғанын айтты. Мәліметтер бойынша, жол апаты кезінде "Астана-Зайсан" бағытында жүретін автобуста 43 адам болған, оның үшеуі балалар. "Бұл дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Алдын ала мәлімет бойынша, автобустың 46 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай, кюветке аударылып қалған", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети