Дизель отынын шекарадан заңсыз асырмақ болғандар ұсталды

31 Шілде 2014, 12:18
0
Дизель отынын шекарадан заңсыз асырмақ болғандар ұсталды - ©Тengrinews.kz
©Тengrinews.kz

Қазақстандық шекарашылар Ресей мен Қырғызстанға дизель отынын заңсыз тасымалдау деректерін әшкереледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР ҰҚК Шекара қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан мен Ресей арасындағы мемлекеттік шекарадағы "Тобыл" (Қостанай облысы) шекаралық бақылау бөлімшесінде Ресей Федерациясының 54 жастағы азаматы ұсталды. Ол Mercedes көлігімен Ресейге 25 тоннаға жуық дизель отынын алып бара жатқан. Жүктің құжаттарында оның пеш отыны екені көрсетілген. Шекарашылар ұсталған азаматты Қостанай облысы бойынша қаржы полициясына тапсырды.

Ал қазақ-қырғыз шекарасында "Қарасу" (Жамбыл облысы) шекаралық бақылау бөлімшесінің жасағы Қырғызстанның азаматын қолға түсірді. Ол Isuzu Trooper автокөлігінің қолдан жасалған бактарына 200 литрге жуық дизель отынын құйып, оны өз еліне заңсыз алып өтпек болған. Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша тексеру жүріп жатыр.

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай