Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 340.11
EUR / KZT - 407.93
CNY / KZT - 51.61
RUB / KZT - 5.91

Дөнерден уланған алматылықтар дәмхана басшылығын сотқа берді

06 Қазан 2015, 11:42
0
© КТК
© КТК

Алматыда дөнерден уланған 19 адам мекеме басшысының үстінен арызданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тұтынушылардың құқығын қорғау ұйымындағылардың хабарлауынша, оқиғадан зардап шеккендердің саны 90-ға жуық. "Олардың жиырмасы денсаулықтарына келтірілген залалдың өтемін төлету үшін арыз жазуды ұйғарды. Қалғандары (зардап шеккендер - Авт.) қанша құжат жинау керек екенін білгеннен кейін арыз жазудан бас тартты", - деді ұйымның мүшесі Арманғазы Мұратов. 

Оның айтуынша, өтемақаның көлемі 7 миллионнан 17 миллион 730 мың теңгеге дейін өсті. "Біз зардап шеккендермен бірге арыздарды дайындап, Бостандық аудандық сотына 2 қазанда жолдадық. Енді тергеудің нәтижесі мен бұл іске қатысты сот отырысының қай күнге белгіленетінін күтіп отырмыз", - деп мәлімдеді Мұратов.

Еске сала кетейік, 25 тамызда ақпарат құралдарында Алматы дәмханаларының бірінен 60 адамның уланғаны туралы мәлімет пайда болған еді.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай