16 наурыз 2015 17:18

Эбола белгісі күдігімен Алматыда оқшауланған Ресей азаматы ауруханадан шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

Эбола безгегін жұқтыруы мүмкін деген күдікпен ауруханаға жатқызылған Стамбұл - Алматы рейсінің жолаушысы - Ресейдің 37 жастағы азаматы жұқпалы аурулар стационарынан шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Эбола безгегін жұқтыруы мүмкін деген күдікпен ауруханаға жатқызылған Стамбұл - Алматы рейсінің жолаушысы - Ресейдің 37 жастағы азаматы жұқпалы аурулар стационарынан шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол қазір Алматыда, таяу күндері Қостанайға қайтады. Ал науқасты алып жүрген жолаушы қайтадан Гвинеяға қайтпақшы.

"Біз барлық шараны қолдандық. Біздің орталық шұғыл әдіспен анализ жасады. Сағат 19.00-де қорытындысын алдық. Бүгін ешқандай қауіп білінбейді. Біз денсаулық кодексіне сай әрекет еттік. (...) Біз ахуалы төмен елдерден жолаушы ұшып келгенін білгеннен кейін, біздің мамандар олармен сөйлеседі. Ол Стамбұлдан ұшып шыққанда ешқандай белгі болмаған", - деп хабарлады Алматы қаласы бойынша тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментінің директоры Еркін Дүрімбетов.

Еске сала кетейік, оқиға 15 наурызда болды, Алматы әуежайына Turkish Airlines әуе компаниясының рейсі Стамбұлдан ұшып келгенде ұшақ бортында Эбола безгегін жұқтыруы мүмкін деген күдік келтірген бір науқас болды. Кейін ауруханаға жеткізілген адамның Ресей азаматы екені және Қостанай облысының Лисаковск қаласында тұратыны хабарланды. Ер адам наурыздың 9-14 аралығында Гвинеяда іссапарда болған және соңғы үш күнде дене қызуының көтеріліп, диарея болғанын айтып шағымданған.

ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің Айқымбаев атындағы Қазақ ұлттық карантиндік және зоонозды инфекция орталығы жүргізген зертханалық зерттеулердің нәтижесіне сәйкес, науқасқа "ЖРВИ, асқынған ринофарингит" нақты диагнозы қойылды.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети