Екі автобус соқтығысқан сәтті көрген куәгер жол апатының қалай болғанын айтып берді

23 Шілде 2018, 15:13
0
Екі автобус соқтығысқан сәтті көрген куәгер жол апатының қалай болғанын айтып берді - © "Территория происшествий"
© "Территория происшествий"

22 шілдеде таңғы уақытта Достық даңғылы бойында "Қазақстан" қонақүйіне қарама-қарсы жерде екі автобус соғылып қалған болатын. Автобустардың бірінде отырған жолаушы Tengrinews.kz тілшісіне оқиғаның қалай болғанын айтып берді.

"Мен екінші автобуста отырдым. Біз аялдамадан өте бере автобустың алдыңғы бөлігі қатты соғылғанын сездік. Біраз секундтан соң адамдар автобустан ұшып кетіп құлады. Мен құламай тұтқаны ұстап қалдым. Салондағылар байбалам салды. Адамдар айғайлап, газ баллоны жарылып кетуі мүмкін деп қорықты", - дейді Азамат есімді жолаушы.

"Мен бірақ зардап шекпедім, жарақат алмадым. Салонның алдында отырғандар зардап шекті: әйел адам аяғын сындырып алдым, ал тағы бір қыздың беті шыныдан қанап кеткен. Онда балалар да болды. Кейінірек жүргізуші есікті ашып, барлығына шығу керектігін айтты. Содан біз автобустан шығып, жедел жәрдем шақырдық. Содан кейін ғана бізге бос салонның жүргізушісі автобусты қалдырып, тамақтануға кеткеніні айтты. Ішінде жолаушылары болмаған автобус Достық даңғылымен төмен түсіп, біздің автобусқа келіп соғылды", - деп еске алды жолаушы.

"Жүргізуші жолаушыны Абай-Достық даңғылынан қалдырды. Бірақ ол автобустың тежеуішін қойып кетпеген. Сондай-ақ, автобустың есігі жабық тұрған. Нәтижесінде ол жылжып, жол апатына ұшыраған", - деп түсіндірді  "Алматыэлектртранс" ЖШС бас директоры Ризван Цинаев. 

Оның айтуынша, автобусты қалдырып кеткен жүргізушінің 28 жылдық еңбек өтілімі бар. Енді ол жұмысынан босатылуы мүмкін.

Еске сала кетейік, кеше, 22 шілдеде Алматыда екі автобустың соқтығысуы салдарынан 18 адамның зардап шеккені хабарланған болатын.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай