23 желтоқсан 2014 18:59

Екібастұзда балконға қамалған қыз құтқарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©progorodsamara.ru ©progorodsamara.ru

Екібастұз қаласында балконға мәжбүрлеп қамалған бойжеткен құтқарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Екібастұз қаласы төтенше жағдайлар басқармасы жедел-құтқару жасағына сілтеме жасап. 


Екібастұз қаласында балконға мәжбүрлеп қамалған бойжеткен құтқарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Екібастұз қаласы төтенше жағдайлар басқармасы жедел-құтқару жасағына сілтеме жасап. 

Басқарманың мәліметінше, 22 желтоқсан күні құтқару жасағына басқарманың кезекші бөлімінен қоңырау түскен. Кезекшілер қаладағы пәтерлердің бірінде қамалған қыздың құтқарушылардан көмек сұрағанын хабарлайды. Қыздың айтуынша, оны көңілдесі қамап, ұрып-соққан. "Құтқарушы топ үйдің шатырынан бесінші қабаттағы пәтерге түсіп, еркекті қолға түсірді", - делінген хабарламада.

Сол оқиға болған күні құтқарушы топқа осы қалада тұратын бір зейнеткер де хабарласқан. Ол да көмек сұрап, пәтеріне кіре алмай тұрғанын айтады, мамандар есіктің құлпын арнайы құралмен ашып, қарияны құтқарды.

Кейін Екібастұзда осыған ұқсас тағы бір оқиға болды. Әйел адам құтқарушы жасаққа хабарласып, пәтерде алты жастағы бала қамалып қалғанын айтқан. Мамандар құлыпты ашып, пәтерге кірді, бала ұйықтап жатты.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети