28 шілде 2014 18:49

Екібастұзда бұршақ жауды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Facebook.com қолданушысы Қуаныш Мұңайтбасовтың жеке парақшасынан алынды. Фото Facebook.com қолданушысы Қуаныш Мұңайтбасовтың жеке парақшасынан алынды.

Бүгін Екібастұзда бұршақ жауды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бүгін Екібастұзда бұршақ жауды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Интернеттің жергілікті қолданушылары бұршақтың салдарынан жолдарда көліктердің кептеліп қалғанын хабарлап жатыр. "28 шілде күні бұршақ аралас жаңбыр құйып жауды. Соның салдарынан Бәйет ауылдық округіндегі Атыгей елді мекенінде бес үйді су басты. Екібастұздың өзінде жеке сектордағы бес тұрғын үй су ортасында қалды. Сондай-ақ, ағаштар құлап, электр желілері зақымданды", - деп хабарлады Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары.

Табиғаттың тосын құбылысының салдарынан үй маңында тұрған бір автокөліктің үстіне баған құлап кетті. Қазіргі уақытта коммуналдық қызметтердің екі автокөлігі мен бір өртсөндіру машинасы үй аулаларының суын сорып жатыр. "Куәгерлердің айтуынша, жауған бұршақтың көлемі - 1 см. Зардап шеккендер жоқ", - дейді төтенше жағдайлар департаментінің мамандары. 

Видео Instagram-дағы dane4kamazalova атты қолданушының парағынан алынды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети