03 мамыр 2017 13:08

Екібастұзда жүкті әйел бастауыш сынып оқушыларын тонап жүрген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екібастұзда жүкті әйел бастауыш сынып оқушыларын тонап жүрген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Екібастұзда жүкті әйел бастауыш сынып оқушыларын тонап жүрген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлердің мәліметінше, Екібастұздың 22 жастағы тұрғыны өзінің 24 жастағы танысымен бірге кішкентай балаларды тонап келген. Олар балаларды көшеден, мектепке барар жолдардан және үй аулаларынан күтіп алып жүрген.

"Әйелдер балалармен дөрекі сөйлескен. Оларға жақындап: "Неге қарап тұрсың?", "Не үшін күліп тұрсың?" деп сұраған. Осылайша, әйелдер балаларға психологиялық қысым жасап, қорқып қалған балалардың алтын сырғаларын және ұялы телефондарын тартып алған", - деді өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Күдіктілер алтын бұйымдарды ломбардқа өткізіп, ал ұялы телефондарды қайта сатып жүрген. Зардап шеккендердің ішінде Екібастұздағы 3-сынып оқушылары да бар.

Барлық дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Әйелдер төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қазіргі уақытта олар қамауға алынды. Айта кетейік, ұсталғандардың бірі екі жасар баланың анасы. Оның баласына қазір туыстары қарап жатыр.

"Екінші күдікті жүкті және таяуда ана атанады", - деді полицейлер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети