26 тамыз 2015 20:07

Екібастұзда компьютер алдында бірнеше сағат отырған оқушы қыз қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Qli.ru © Qli.ru

Екібастұзда жетінші сынып оқушысы инсульттен қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық аурухананың бас дәрігері Ақжан Байкеновке сілтеме жасап. Дәрігердің айтуынша, оқушы қыз ауруханаға ес-түссіз күйінде жеткізілген. Инсульт қыз бірнеше сағат бойы компьютердің алдында отырғаннан кейін болғаны хабарланды.

Дегенмен дәрігерлер тек ойынның салдарынан қыздың инсульт алуы мүмкін емес екендігін айтты. "Ол өте ауыр жағдайда түсті. Бес күн бойы ол ес-түссіз жатты. Біз қолдан келгенді жасадық, дегенмен оны құтқарып қалу мүмкін болмады", - деді Байкенов. "Ол сабақты өте жақсы оқыған қыз. Жүктемелер көп болды деп ойлаймын, екі-үш сағат компьютердің алдында отырғаннан мұндай болуы мүмкін емес. Басында неврологиялық мәселелер болды. Сондықтан да біз ештеңе істей алмадық. Қыз өте ауыр жағдайда түсті", - деді Байкенов.

Қыздың нақты неден өлгенін дәрігерлер анықтай алмады. Оқушының ата-анасы өтініш жазып, оның денесін алып кеткен. "Қыздың денсаулығында туабітті дерт болуы, осыған дейін анықталмауы да мүмкін. Соңғы үш жылда баланың ата-анасы емханаға бармаған. Қыз басының ауыратынын көп айтқан, оған тек дәрі берген", - деді Байкенов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети