Екібастұзда медициналық колледждің үш студенті белгісіз заттан уланып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облыстық ТЖД өкілдеріне сілтеме жасап.
Екібастұзда медициналық колледждің үш студенті белгісіз заттан уланып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облыстық ТЖД өкілдеріне сілтеме жасап.
"22 қыркүйекте сағат 12.20-да Екібастұздың орталық қалалық ауруханасына қаладағы медициналық колледждің үш студенті белгісіз заттан уланып, жеткізілді", - деп хабарлады ТЖД өкілдері.
1999 жылғы екі студент жансақтау бөліміне жатқызылды. Тағы біреуі (1996 жылғы) терапев бөлімінде жатыр.
"Қазіргі уақытта олардың неден уланғанын анықтап жатырмыз. Зардап шеккендердің жағдайы тұрақты", - деп хабарлады ведомстводағылар.