09 қаңтар 2017 23:48

Эксклюзив видео: Шымкентте жедел жәрдем қызметі баланы үйінді арасынан алып шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz тілшісінің қолында Шымкентте үйдің опырылған кезіндегі видео пайда болды. Видеода жедел жәрдем қызметкерлерінің баланы үйінді арасынан шығарып жатқан сәттері түсірілген.


Tengrinews.kz тілшісінің қолында Шымкентте үйдің опырылған кезіндегі видео пайда болды. Видеода жедел жәрдем қызметкерлерінің баланы үйінді арасынан шығарып жатқан сәттері түсірілген.

Жедел жәрдем бас дәрігері Гүлнара Құрманбекованың айтуынша, оқиға орнына А. Ирисметова барып, жараланғандарды қай жаққа жіберуін ұадағалаған. 13 бригада қызметкерлерінің жұмысын атап айту керек, оның құрамында М.Яврова, Т. Османова, Г. И Айтуғанова,  жүргізуші Е. Түлебеков, Миша Явров және Тахир Османовтар құтқарушылар келгенге дейін өз өміріне қауіп тиюі мүмкін болса да баланың жылаған дауысын естіп құтқаруға асыққан. 

Еске салайық, 2017 жылдың 8 қаңтарында шамамен сағат 03.30-да Шымкент қаласында Халықтар достығы көшесінде орнадасқан екі қабатты үйлердің бірінде газ баллоны жарылып, екі қабатты үй қираған. Айта кетейік, үй толықтай қирап, жарамсыз болып қалған.

Қазіргі уақытта ауруханада осы оқиғадан зардап шеккен бір адам жатыр, тағы біреуі күйік шалғандардың орталығында. Алдын ала мәлімет бойынша, апаттың себебі газ баллонының жарылуы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети