11 тамыз 2017 13:32

Елімізде қатты тұрмыстық қалдықтарды жүйелі басқарудың пилоттық жобасы іске қосылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада және Алматы облысында қатты тұрмыстық қалдықтарды жүйелі басқарудың пилоттық жобасы іске қосылады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "ӨКМ Операторы" ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  


Астанада және Алматы облысында қатты тұрмыстық қалдықтарды жүйелі басқарудың пилоттық жобасы іске қосылады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "ӨКМ Операторы" ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

2017 жылдың 12 тамыз күні сағат 10:00-де Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесі аймағында ҚР энергетика Министрі Қанат Бозымбаев, Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, "ӨКМ Операторы" ЖШС бас директоры С.Коротенко, Қазақстанның экологиялық ұйымдары Қауымдастығы Басқарма Төрағасы А.Махметов қатысуымен "For site" кездесуі өтеді.

Шараны ұйымдастырушы Астана қаласы әкімдігі мен Қазақстанның экологиялық ұйымдары Қауымдастығы.
Кездесудің басты мақсаты үздік әлемдік тәжірибені негізге ала отырып, заманауи технологияны пайдалану арқылы қалдықтарды басқарудың аймақтық инновациялық жүйесін құру. Негізгі талқыланатын тақырыптың бірі ҚТҚ таситын көлік құралдарын бақылап отыратын аймақтық ақпараттық жүйені енгізу.

Кездесу барысында ҚР энергетика Министрлігі, Астана қаласының және Алматы облысының әкімдігі, "ӨКМ Операторы" мен Қазақстанның экологиялық ұйымдары Қауымдастығы қалдықтарды қайта өңдеудің тетігін, соның ішінде жеке және заңды тұлғалардың ҚТҚ бөлек жинау жүйесін енгізудегі маңызды мәселені бірлесе шешуге арналған ұзақмерзімді әріптестік жөнінде Меморандумға қол кояды.

Меморандумның басты мақсаты халықтың экологиялық білімін арттыру және аталған мәселе бойынша қоғамдық сана қалыптастыру. Экологиялық білім беру саласындағы және қалдықтарды жүйелі басқаруды дамытудағы әлемдік тәжірибеде өзіндік орыны бар GreenTech және CleanTech тетігін енгізу.

Шара аясында Қазақстанның экологиялық ұйымдары Қауымдастығының құрылғандығы ресми түрде мәлімделеді. Сонымен қатар қауымдастықтың "Денсаулық үшін, баламның болашығы үшін, мен "жасыл" Қазақстан үшін" атты алғашқы жобасы таныстырылады. 

Жоба аясында қоғамдық экологиялық білім жүйесін құру, 2020 жылға дейін 20 тәжірибелік қадам негізінде халықты осы жүйеге белсенді түре тартуды жүзеге асыру көзделіп отыр.

"For site" кездесуі аясында қатысушылар қоғамның экологиялық мәдениетін арттыруда идеологиялық жұмыс жүргізу мәселесін бірлесе талқылайтын болады. Атап айтқанда балалар, жастар және ересектер арасында экологиялық білімді көтеру мәселесі қозғалады.

Кездесуге халықаралық, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдар шақыралады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети