11 қараша 2015 10:59

Еліміздің шығысында жер сілкінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© yk-news.kz © yk-news.kz

Еліміздің шығысында жер сілкінді, - деп хабарлайды YK-news.kz.


Еліміздің шығысында жер сілкінді, - деп хабарлайды YK-news.kz.

Геофизикалық зерттеулер институтының мәліметтері бойынша, жер сілкінісі бүгін, түнгі сағат 1.40-та Зырян ауданынан оңтүстік-шығысқа қарай - 27, Өскеменнен 143 шақырым қашықтықта тіркелді. Жерасты дүмпуінің магнитудасы 4,1-ге тең болды, тереңдігі - 10 шақырым.

"Жер сілкінісі Зырян мен оның маңындағы ауылдардың тұрғындарына айтарлықтай сезілді. Сонымен қатар, жерасты дүмпуі Катонқарағай ауданында да білінді. Қирандылар мен зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ", - делінген жарияланымда.

Еске сала кетейік, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында магнитудасы 4,8-ге тең жер сілкінісі 5 қазанда болды. Жерасты дүмпулері Астана уақыты бойынша сағат 17.16-да тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Өскеменнен 161 шақырым қашықтықта болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети