31 наурыз 2014 15:41

Еліміздің үш облысында қар көшкіні қаупі бар

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Нұрғиса Елеубеков ©Нұрғиса Елеубеков

Оңтүстік Қазақстан, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында қар көшкіні болатыны ескертілді деп хабарлайды Tengrinews.kz "Алматы құтқару қызметі" мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорнына сілтеме жасап. 

Мамандардың мәліметінше, таулы аудандардағы жылымық пен қар жабынының тұрақсыздығына байланысты 31 наурыз бен 1 сәуір күндері Оңтүстік Қазақстан, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында қар көшкіні болады. Құтқару қызметі тұрғындарға көшкінге куә болған кезде 109 немесе 112 телефонына хабар беруді ескертеді. 

Бұған дейін Батыс Қазақстан облысында төтенше ескерту жарияланған болатын. "Қазгидромет" РМК облыстық филиалының мәліметінше, 30 наурызда Орал қаласында жауын-шашын болып, шығыстан соққан желдің екпіні секундына 17-22 метрге дейін күшейетіні хабарланған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети