Елордада дәрігерлер қайтыс болған адамды "тірі" деп хаттама толтырған

06 Желтоқсан 2019, 09:04
0
Елордада дәрігерлер қайтыс болған адамды "тірі" деп хаттама толтырған - © pixabay.com
© pixabay.com

Елордалық дәрігерлер қайтыс болған науқасты "тірі" деп хаттама толтырған. Бұл туралы Nur Otan партиясының қоғамдық қабылдауында белгілі болды, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, Шухрат Таджиддинов есімді ер адам ішкі істер министрі Ерлан Тұрғынбаевтан көмек сұраған. Оның айтуынша, қалалық аурухананың біріне асқазанына ауырып жатқызылған әжесіне дәрігерлер араша бола алмаған. Тіпті науқасты үйіне тірі күйінде жібердік деп хаттама толтырып жіберген екен. Астаналық азамат ауруханадан денесін алып шыққанын айтқан. Дәрігерлердің үстінен талай рет арыз жазғанымен еш нәтиже болмаған.

"Дәрігерлер оның медициналық картасын да өзгерткен. Онкологиялық ауру болды деп жазып қойыпты. Ондай болған емес. Медициналық сараптама жасап көрсе болады. Осы жағдай бойынша талай рет сотқа арыз жаздым. Бірақ істі жылы жауып қоя береді", - дейді Нұр-Сұлтан тұрғыны Шухрат Таджиддинов.

Телеарна мәліметінше, министр бұл жағдайды өз бақылауына алатынын айтып, қала тұрғынына қайтадан арыз жазуға кеңес берді.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай