22 қазан 2019 09:09

Елордада ер адам мас күйде әйелі мен баласына оқ атқан. Оқиғаның мән-жайы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© 74.ru © 74.ru

Елордада мас күйде әйелі мен баласына оқ атқан ер адамның оқиғасына қатысты жаңа деректер шықты, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы Нұр-Сұлтан полиция департаментіне сілтеме жасап.


Елордада мас күйде әйелі мен баласына оқ атқан ер адамның оқиғасына қатысты жаңа деректер шықты, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы Нұр-Сұлтан полиция департаментіне сілтеме жасап.

Бұл оқиға 20 қазанда түнгі уақытта болған. Суық қару мен әйелдің даусын естіген көршілері дереу полиция шақырған. Өкінішке қарай, полицейлер келгенше, әйел жан тапсырған. 

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі София Қылышбекованың айтуынша, ер адам мас болған.

"Күдікті ұсталып, уақытша қамау изоляторна қамауға алынды. ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр", - деді Қылышбекова.

Көршілердің айтуынша, қайтыс болған әйелмен отағасы ажырасқан. Олардың екі баласы бар. Сот отбасына тиесілі пәтерді бөліп алуға шешім шығарған. Екеуі де сол пәтерде тұрып келген. Ер адамның кінәсі дәлелденсе, ол 15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бірақ, телеарнадағылардың мәліметінше, отбасындағы ұрыс-керістің себебі әлі белгісіз. Жоғары қабаттағы көршісі Ерлан бұл жағдайға сене алар емес. Өйткені көршісінің ерсі қылығын да, отбасының кикілжіңін де бұрын-соңды естімедім дейді.

"Көршімнің арақ ішіп, мас болып жүргенін осы күнге дейін байқамаппын. Өзі жұмыс істемейді. Үйінде ұрыс-керіс болмайтын. Оқ атылғанда менің ұлым үйде болған. Ол маған қоңырау шалып, көршілердің ұрысып жатқанын айтты", - дейді көршісі Ерлан Кенжетаев.

№2 қалалық балалар ауруханасының бас дәрігері Біржан Досмаилов қазір баланың жағдайы тұрақты екенін айтады.

"Іш жағында жарақаты бар. Сол баланы жедел түрде жансақтау бөліміне жатқызып, дайындық өткізгеннен кейін шұғыл түрде операция жасалды. Лапароскопиялық операция. Қазір жағдайы тұрақты", - дейді дәрігер.

Еске салайық, мұның алдында Нұр-Сұлтанда отбасылық жанжалдың атыспен аяқталғаны айтылған еді. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети